Дұғаның қабыл болуы үшін адал ас жеу керек

Дұғаның қабыл болуы үшін адал ас жеу керек

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Дұға – көк пен жердің нұры, діннің тірегі. Әбу Хурайра (р.а.) келтірген хадисте былай айтылған: «Дұға – мүміннің қаруы, діннің тірегі, көк пен жердің нұры» (Хаким, Даауат, № 1812). Дұғаның қабыл болуы үшін бірнеше сүннет пен әдептер бар. Солардың бірі – адал ас. Ішіп-жейтін астың бәрі адал болуы тиіс.

Са’д ибн Әбу Уаккас (р.а.) бірде Пайғамбарымызға (ﷺ) өзінің дұғаларының қабыл болмай жатқанын айтады. Біздің сүйікті Пайғамбарымыз (ﷺ) оған: «Әй, Са’д! Сенің дұғаң қабыл болуы үшін астың адалын ал. Менің жанымның иесі Алламен ант етемін, кімде-кімнің асқазанына харам ас түсер болса, оның ғибадаты қырық күнге дейін қабыл болмайды» (Таберани “Маджмау’ль-Авсат”, 6/311).

Ал мына бір ғибраты мол сөз қандай көркем айтылған: «Тілектің орындалуының кілті – дұға, ал сол кілттің кертіктері – адал ас».

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: