#Шу: Көмірмен көмек көрсетілді

#Шу: Көмірмен көмек көрсетілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгінгі таңда мешіттер  мейірім мекені екені дәлелденіп, мұқтаждардың мұңын сейілтуге көптеген істер атқарылып келеді. Оған аймақтағы мешіттер тарапынан ұйымдастырылып жатқан қайырымдылық шаралары дәлел болмақ.  Өңірімізде қыс келісімен көмір алуға мүмкіншілігі жандар жетерлік. Оларға көмірмен қатар  көңіл жылуы керек екені сөзсіз.

Жуырда Шу ауданы Төле би мешіті жанындағы қайырымдылық қордың ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өтіп, қасиетті Жұма күні өткендіктен оған «Қайырымды Жұма»  деген атау берілді. Аталған акцияға ауданның бас имамы Бахтияр Әміреев қатысып,  іс басталмас бұрын сөз сөйлеп, берекелі амалға батасын берді.   Аталған мешіттің бас имамы Талғат Кәрібайұлы қайырымдылық  қорының 200 мың теңге қаражатына түсірілген көмірді 25 отбасыға үлестіріп, аз қамтылған жанұялармен жан жылуын бөлісті.

Сауапты істі жауаптылықпен атқарған қордың азаматтарына Алла разы болып, кәсіптеріне береке берсін деп тілейміз.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: