#Шу: Терроризм - теріс пиғыл

#Шу: Терроризм - теріс пиғыл

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Асыл дініміз Исламда терроризм түсінігі жоқ. Өйткені «Ислам» сөзін арабшадан аударғанда бейбітшілік деген мағынаны береді. Сол сияқты қасиетті Құранда: Дінде зорлық жоқ деген аят бар. Сондықтан терроризм мен  экстремизм  бейбітшілікті ту еткен,  әрбір пенденің хақысына құрметпен қарайтын асыл дінімізбен қабыспайды.

Жуырда осы тақырыпты талқылау бойынша Шу қалалық Мәдениет үйінде қызметкерлермен жиын өтіп, оған Шу қаласындағы «Әбу Бәкір ас-Сыдық» мешітінің имамы Бақыт Нұрлыханов қатысқан болатын. 

Кездесу барысында Бақыт Базарбайұлы жиналғандарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, тұшымды дәлелдермен терроризм мен экстремизмнің қаупі, одан қорғану жолы және зиян туралы әңгімелеп берді.

Сондай-ақ кездесуге қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, аталған теріс пиғылмен күресу үшін діни негізде білім болу қажет екенін ескертті.

Шу аудандық  «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: