#Т.Рысқұлов: «Қалқабай ата» мешіті жанынан асхана ашылды

#Т.Рысқұлов: «Қалқабай ата» мешіті жанынан асхана ашылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданы Абай ауылы «Қалқабай ата» мешіті жанынан асхана ашылды. Асхана мешітке байланысты өтетін іс-шаралар мен құдайы астарды өткізу үшін салынды.

Бұл асхананы сол ауылдың тұрғындары мен мешіт жамағаты бірлесе отырып, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып Алла разылығын көздеп ел игілігі үшін 8 айдың ішінде толықтай салып бітті.

Жаңа асхананың ашылуына ауданның құрметті қонақтары мен қатар ардагерлер алқасы да шақырылып, ашылу салтанатының қонағы болды. Осы жиынға жиналған қонақтарға ауданның бас имамы Сұлтаншарип қажы уағыз-насихатын айтты.

Түзелбеков Қуаныш

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: