#Шу: Қайырым жасау – қабырғалы жұмыс

#Шу: Қайырым жасау – қабырғалы жұмыс

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ардақты Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өз үмбетіне бір құрмамен болса да тозақ отынан құтқаруға шақырып,  сырқаттарыңды садақамен емдеңдер деген. Бес саусағымыз бірдей болмағаны секілді, айналамызда әртүрлі адамдар бар. Әлсізіне көмектесіп, жан жылуымен бөліссек Алла Тағала сауапсыз қалдырмайтыны сөзсіз.

Осыған орай Шу ауданында бірнеше қайырымдылық шарасы өткен болатын. Атап айтқанда, Далақайнар ауылының 1986 жылы туған азаматтары 1 қойды садақа есебінде сойып, соның етін 6 отбасыға таратып, сауаптарын алды.

Көршілес Көктөбе ауылындағы «Рақыш ата» мешітінің имамы Ерғазы Ақпанов  ауылдағы жалғызілікті қартқа 10 мың теңгелік азық-түлік себетін тапсырып, дәл осындай соммада қаражат берді. Сол секілді жетім балаларды қамқорлығына алған отбасыға 3 кілем беріліп, сыйлық жасалды.

Ал, бірлігімен тірлігін тіктеген Бірлікүстем ауылдық мешітінде  қайырымдылық амалдары аясын кеңейтіп, 1 бас қой сойылып, 7 отбасыға таратылып, 40 мың теңге қаржы жұмсалды. 

Жыл басынан үздік жасалған игі іс алдағы уақытта да жалғасын  таппақ.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: