Жамбыл облысының имамдары жылды қорытындылады

Жамбыл облысының имамдары жылды қорытындылады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде Жамбыл облысының қала және аудан бас имамдарының басын біріктірген жылдық қорытынды мәжіліс өтті. ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиевтің басшылығымен өткен шарада имамдар жыл бойы атқарған жұмыстарының есебін берді. 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2021 жылы бекіткен  ақпарат және қоғаммен байланыс, уағыз-насихат, қайырымдылық, оқу-ағарту және кадрлық әлеует, рухани тәрбие – Ихсан ілімі, дін мен дәстүр, жат діни ағымдармен жұмыс бойынша атқарылатын жұмыстарға басымдық бірілді.

Бас имамдар слайд арқылы тоқсан ауыз сөздің түйінін тарқатып, облыстық мешіттің бағытқа жауапты мамандары пікір білдірді. 

Айтылған шаралар есебіне қатысты облыс бас имамы жалпы бағасын беріп, имамдардың еңбектеріне сәттілік тіледі. Сонымен қатар, нәтиже балдық көрсеткішпен бағаланып, тыңдалған жылдық қорытынды есебінің ішінде Жамбыл ауданы, Қордай ауданы, Тараз қаласы алғашқы үштікке шығып, Шу ауданынан төмен қарай тізім түзілді. 

Жиналыс соңында бас имам Бейбіт Әліпбекұлы "Ихсан" кітабының орыс тілді нұсқасын аудандарға табыстап, жаңа жарық көрген "Толық адам" кітабын таныстырып өтті. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: