#Меркі ауданы: Құран оқу ұлы құлшылық тақырыбында уағыз айтылды

#Меркі ауданы: Құран оқу ұлы құлшылық тақырыбында уағыз айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аптаның сұлтаны қасиетті Жұма күні Меркі ауданының бас имамы Қанат Талғатұлы аудандық «Меркі ата» мешітінде жұма уағызын айтты. Уағыздың тақырыбы «Құран оқу ұлы құлшылық» туралы болды. Уағызды Қасиетті Құран аятымен бастап, Пайғамбарға (с.ғ.с.) салауат айтып, халықпен амандасумен басталды.

Құран оқудың артықшылығы туралы сөз бастап, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) Сахабаларының өмірінен мысал келтіріп жүйелі сөз бастаған бас имамның айтқан уағызына мешіт ішінде тыныштық орнады.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзінің хадисінде: «Жұма күн шуағы шашылған күндердің ең жақсысы. Адам (ғ.с.) жұма күні жаратылған, жұма күні пейішке кірген, жұма күні пейіштен шығарылған. Қиямет күні де жұма күні болмақ» деген. Жұма намазының соңында өткен ата-бабаларға Құран бағышталып, бас имам дұға жасады.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: