#Меркі ауданы: Мешіт жамағатына дәріс басталды

#Меркі ауданы: Мешіт жамағатына дәріс басталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп оны үйреткендерің», – деп өсиет қалдырған. Құранды жақсылап оқыған, әріптерін дұрыс оқуға машықтанған әрі амал етуге тырысқан мұсылман Құранды жазуға тағайындалған мәртебелі періштелермен бірге болатынын Айша (р.а.) анамыздан келген риуаяттан көреміз: «Құранды шебер оқуға машықтанған жан Құранды жазуға тағайындалған мәртебелі періштелермен бірге болады. Ал Құранды оқығанда кекештеніп қиналса, екі сауап алады», – деген. 

Осы мақсатта, Меркі ауданы бас имамы Қанат Талғатұлының ұйымдастыруымен «Меркі ата» орталық мешітте намазға келген жамағатқа «Құранды жүзінен оқу» дәрісі басталды.

Бас имам келген жамағатқа, намазда Құран сүрелерін қырағатпен ережеге салып оқу міндет, сол үшін әр қайсымыз Құранды жүзінен оқи алатындай дәрежеге жетуіміз керек, білім алуда ұят болмайды, ұялшақ білімсіз қалады, кейбіріміз 2 жыл, кейбіріміз 10 жыл болды намаз оқығанымызға, бірақ әлі Құран оқи алмаймыз. Сондықтан намазға қалмай келіңіздер, бір жағынан 27 сауап аласыз, екінші жағынан Құранның әріптерін үйреніп кетесіз деп сөзін аяқтады.

Бас имамның бастамасына жамағат риза болып, өз ықыластарын білдірді.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: