Әйелдер жамағаты рухани кешке қатысты

Әйелдер жамағаты рухани кешке қатысты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әйелдер жамағаты арасында рухани іс-шаралар өткізу маңызды. Өйткені әйел - бала тәрбиесіне тікелей жауапты. Әйел адамның иманы қуатты болса, ұрпаққа әсері болары сөзсіз.

Осы мақсатта Тараз қаласы "Әл-Әділ"  мешіті жанындағы ДСАК ұстазы Жайна Бекназарова облыстық Әйел-қыздар секторы тапсырмасымен "Өнеге өмір" тақырыбында мәуліт кешін өткізді.

Мәулітте ұстаз Хз.Пайғамбарымыздың  (с.а.у.) өнегелі өмірінен сыр шертсе, шәкірттер хадистер мен көркем сөздер оқып, салауаттар мен мадақ жырларын айтты.

Сауабы мен әсері ерекше шара соңында шәкірттер өзара бір-біріне сыйлықтар беріп,  арнайы дайындаған дастарханнан дәм ауыз тиді. "Мұндай іс- шаралар жамағаттың ынтымақтастығы мен ауызбіршілігін арттырады" - дейді  ұстаз.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: