Бала тәрбиесі ана құрсағынан басталады

Бала тәрбиесі ана құрсағынан басталады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Ана - бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербееді" дейді дана халқымыз. Әйел адамның бала тәрбиесіндегі орны орасан зор. Кешегі нар тұлғалы батырды да, ел басқарған ханды да, ғалымды да тәрбиелеген ана. Сондықтан бүгінгі жас ұрпақтың тәрбиесіне алаңдаған ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Әйел-қыздар секторы келіншектерге арналған семинар өткізді. 

Тараз қаласының көне жәдігері болған "Әбдіқадыр" мешітінде нәзік жандылардың бас қосуына себепші болып, шараны мешіт ұстазы Нұргүл Әлиханқызы ұйымдастырған болатын.

Семинар дінімізде ерекше орын алатын бала тәрбиесіне арналды. Ал құрсағынан бастап тәрбиесін беретін әйел затының құрметіне шараға “Аналық мейірім” деген атау қойылды.

Нұргүл Әлиханқызы Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) өсиет еткен ұрпақ мәселесіне қатысты құнды ақпараттар беріп, дінімізде оған қаншалықты мән берілетіні туралы ашып айтты.

Кешке спикер, бала психологиясы бойынша маманданған коуч маман Ұлдана Әділханқызы арнайы шақырылды. Маман мәселенің психологиялық аспектілеріне тоқталып, аналардың жүрегіне баланың тұлға екенін, баланы ұрып-соғудың үлкен қаупін, баланы тәрбиелеу үшін ата-ана ең алдымен өзін жетілдіру керек екенін жеткізе білді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: