Тараз қаласы "Әл-Әділ" мешіті жанындағы ДСАК ұстазы Ж. Бекназарованың ұйымдастыруымен "Аяулы Ана - Асыл Жар" қыз- келіншектер клубының кезекті отырысы болып өтті.
Клуб мүшелері 40-қа жуық қыз-келіншектерден құралған. Клубтың мақсаты - нәзікжандыларға отбасында орнын тауып, бақытты болулары үшін шариғат талабына сай салиқалы жар болу мен салиқалы ұрпақ тәрбиелеудің бағыт-бағдар беріп, қолдау білдіру.
Отырыста діни сауаттылықты арттыру мақсатында сұрақтар қойылып, дұрыс жауап бергендерге ынталандыру сыйлықтары берілді. Клуб алдағы уақытта да қоғамдық сұранысқа сай дамытылып, жалғасын таппақ.
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі