Әлемдік халал экономика рекордтық көрсеткіштерге жетті

Әлемдік халал экономика рекордтық көрсеткіштерге жетті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әлемдік халал экономикасы жеті триллион долларға жетті. Бұл туралы Түркияның вице-президенті Фуат Октай Стамбулда өтіп жатқан халал саммиті аясында айтты.

Ол әртүрлі конфессия өкілдері халал тауарлар мен қызметтерге белсенді қызығушылық танытып отырғанын, өйткені оларды өнімнің сапасы қызықтыратынын баса айтты. Қазіргі уақытта ең ірі халал өндіруші елдер Бразилия, Австралия, Франция, Германия және Жаңа Зеландия болып табылады, дегенмен сала бастапқыда Малайзия мен Индонезияда пайда болды.

Еске салайық, Ыстамбұлда басталған саммитке әлемнің 20-дан астам елінен 60-қа жуық беделді спикер, сонымен қатар тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары, дәрі-дәрмек, косметика, тұрмыстық химия, тоқыма және т.б. өнімдерін шығаратын 35 елден 400 компанияның өкілдері қатысуда. 

asyldin.kz 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: