ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ БАСТАЛДЫ (ФОТО)

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ БАСТАЛДЫ (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен ел тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған «Тәуелсіз Қазақстан және Ислам құндылықтары» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция басталды.

Конференция Құран оқумен басталып, Тәуелсіздік жылдарында Діни басқарманың атқарған қызметі жайлы бейнеролик көрсетілді. Одан ары Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының мерекелік құттықтауымен ашылды. ҚМДБ Төрағасы конференцияға қатысып отырған мүфтилерге, мәртебелі елшілерге, зиялы қауым өкілдеріне ризашылық ниетін жеткізіп, тәуелсіздіктің қадірі мен бейбітшіліктің берекесі жайлы баяндама жасады.

Айта кетейік, жиынға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Түркия Республикасы Дін істері басқармасының төрағасы Али Ербаш, Ресей Федерациясы мұсылмандары діни басқармасының және мүфтилер кеңесінің төрағасы Равил Гайнутдин, Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Нуриддин Холикназаров, Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Замир Ракиев, Тәжікстан Ислам орталығы Ғұламалар кеңесінің төрағасы Саидмукаррам Абдукодирзода, Моңғолия мұсылман ұйымдары одағының төрағасы Батырбек Хадыс, Ресей Федерациясы Алтай Республикасы мұсылмандары діни басқармасының бас мүфтиі, Ресей Азия бөлігі мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Жанболат Охтаубаев, Ресей Федерациясы Омбы және Омбы облысы мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Бота Бакулин, сонымен қатар мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, тарихшы ғалымдар, шетелдің еліміздегі өкілетті елшілері, өңірлердегі бас имамдар қатысуда. 

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: