Мәскеу мүфтиі "Қара жұма" атауын өзгерту туралы ұсынысқа қолдау білдірді

Мәскеу мүфтиі "Қара жұма" атауын өзгерту туралы ұсынысқа қолдау білдірді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ресей Федерациясы Қоғамдық палатасының этносаралық және дінаралық қатынастарды үйлестіру жөніндегі комиссиясы төрағасының орынбасары, Ресей мұсылмандары діни ассамблеясының (РМДМ) төрағасы, мүфти Альбир Крганов Қазақстан мүфтиінің «Қара Жұма» атауын өзгеру туралы ұсынысын қолдады.

Бұған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы республикадағы сауда орталықтарының иелері мен кәсіпкерлерді «Қара жұма» саудасының атын «Жомарт жұма» деп өзгертуге шақырған болатын. Ислам дәстүріндегі «жұма» сөзінің қасиетті де қастерлі ұғым екенін түсіндірді. Жұма мұсылман қауымы үшін қасиетті күн болғандықтан, «Қара жұманың» атын «Жомарт жұма» деп өзгерту басым көпшілігі ислам дәстүрін ұстанатын қазақ халқына көрсетілген құрмет болар еді, - деп түйіндеді сөзін.

«Мен құрметті бауырым Қазақстан мүфтиінің бұл мәселеге қатысты пікірін қолдаймын. Мұсылмандар мен жастарымыз, ең алдымен, күнделікті өмірде мұндай атаудың қолданып жүргеніне қапалы. Расында «Жомарт жұмаға» немесе "Мейірімді жұмаға" өзгертуге болады ғой, - деді Крганов РИА Новостиге берген сұқбатында.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: