НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ: АДАМНЫҢ БОСТАНДЫҒЫНАН АСҚАН ҚҰНДЫЛЫҚ ЖОҚ (ФОТО)

НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ: АДАМНЫҢ БОСТАНДЫҒЫНАН АСҚАН ҚҰНДЫЛЫҚ ЖОҚ (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында ел тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай басталған халықаралық конференцияда Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Тәуелсіз Қазақстан және Діни басқарма» тақырыбында негізгі баяндама жасады.

ҚМДБ Төрағасы тәуелсіздік жолында ата-бабаларымыз бастан кешкен нәубетті шақтарды еске сала келе, қиын-қыстау заманда қазақ халқын бауырына басып, қамқорлығын көрсеткен, Қазақстанның тәуелсіздігін бірінші болып мойындаған бауырлас Түркия еліне ризашылық ниетін жеткізді. Сондай-ақ халықаралық конференциямызға қатысып, қолдау білдіріп отырған мәртебелі дін қайраткерлеріне, шет елдердің еліміздегі елшілеріне алғыс білдірді.

«Бүгінгі халықаралық конференцияның негізгі өзегі – жастарды «мен елімнің өсіп-өркендеуіне қандай үлес қоса алам?» деген ойларға жетелеу, сонымен қатар тәуелсіздік қадірін барынша сезіндіру. Адамның бостандығы мен құқығын қадірлейтін, оның ары мен намысын қастерлейтін қасиетті дініміз тәуелсіздігімізді де бағалай білуге шақырады.

Расында, адамның құқығы мен бостандығынан асқан құндылық жоқ. Адамзат баласын бірлік пен игілікте өмір сүруге үндеген Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Мұсылманның қаны, дүние-мүлкі және ар-намысы өзге мұсылмандарға харам» деген. Осы ретте Сіздердің тараптарыңыздан айтылар тағылымды ойлар мен мазмұнды баяндамалар елге тұтқа болар жас ұрпақтың санасына сәуле шашып, тәуелсіздіктің қадірін ұғына түсуге үндейді деп сенемін» деді Наурызбай қажы Тағанұлы. 

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: