#Шу: Көпшілік көмегі жалғасуда

#Шу: Көпшілік көмегі жалғасуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алланың қалауымен алдыңғы жарияланымда біз Шу қаласындағы көп балалы, мүмкіндігі шектеулі жанның үйі өртеніп, қиын жағдайға тап болғандығы туралы жазған болатынбыз. Жағдайдан хабардар болған Шу қаласындағы «Әбу Бәкір ас-Сыдық» мешітінің жамағаты мен имамы Бақыт Нұрлыханов  қаражат жиып, киім-кешек тапсырған болатын.

Жерлестерінің жағдайына алаң болған жамағат апта соңында тағы   да 70 мың теңге жинап, жаңа киімдер алып  көмекке зәру анаға табыстаған болатын.  Келесі күні тағы да қайырымды жандар  200 мың теңгені жинап,  үйін өрт шалып, өзі далада қалған азаматшаға берді. Жамағаттың аманатын жеткізген мешіттің имамы Бақыт Базарбайұлы көп балалы анаға дұға  қылып, Алладан жеңілдік болуын сұрады. Көмек алып, көз  жасына ерік  берген ана алғысын жаудырып, Алла разы болсын десті.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: