Сыр – жеке жерде сыбырлап айтылатын нәрсе (Марсель Паньоль).
Басқа біреудің сыры дегеніміз не? Әрбір адам өзге жандардың жария етілмейтін сырларынан хабардар. Бұл ақпарат сыр деп аталады әрі бұл сырды адам баласының қалай білгені маңызды емес, ол біреуден естуі, білдіртпей тыңдап қоюы немесе сырласуы арқылы білуі мүмкін.
Өкінішке орай, кейбір адамдар басқа біреулердің сырын сақтай алмайды. Өзінің не болмаса басқа біреудің сырын жайып салып, артынша айтқаны үшін өкінеді.
Көптеген ғалымдардың пікірінше, сыр иесіне зиян келер болса, кез-келген құпияны ашуға тыйым салынған. Адам қайтыс болған жағдайда ғана сырын ашуға болады, онда да нақты бір шарттарды сақтай отырып, ал адамның көзі тірісінде оның сыры құпия болып қалуы тиіс. Алайда қайтыс болған адамның сырын ашамын деп, оны қорлап не болмаса ұятқа қалдыртатын жайттарды айтуға болмайды.
Егер сізге біреу құпиясын сеніп айтса немесе байқаусызда білсеңіз, оны жария етпеңіз, өйткені сырды жайып салғаныңыз үшін Қияметте сұралатын боласыз.
Алла Тағала Қасиеті Құранда былай айтқан:
وَأَوْفُوا بِالْعَهْدِ ۖ إِنَّ الْعَهْدَ كَانَ مَسْئُولًا
«Сертті орындаңдар. Сөз жоқ, уәде сұралады» (17:34).
Алла Тағала Қиямет күні серттің орындалғанын сұрайды, егер адам өзінің міндеттерін орындаса, Алла сый береді, ал егер сертін бұзса – Алла оны жазалайды.
Әсіресе, ерлі-зайыптылардың арасында болатын отбасылық сырларды айтатын адам әдепсіз болып көрінеді. Мұндай адамдардың жағдайы Қиямет күні нашар болады.
Әбу Сағида әл-Худри (р.а.) Алла Елшісінің (ﷺ) былай айтқанын келтірген:
إن من أشر الناس عند الله منزلة يوم القيامة الرجل يفضي إلى المرأة وتفضي إليه، ثم ينشر سرها
«Ақиқатында, түнді әйелімен өткізіп, содан кейін басқаларға араларында болған нәрсені айтатын адамның жағдайы Қиямет күні Алла алдында өте нашар болады» (Мүслим).
Алла Елшісі (ﷺ), оның жұбайлары мен сахабалары (р.а.) сыр сақтаудың көркем үлгілері болып табылады.
Абдулла ибн Омар (р.а.) Омар ибн әл-Хаттабтың (р.а.) қызы Хафса жесір қалғанда Омардың былай айтқанын келтірген:
لقيت عثمان بن عفان - رضي الله عنه - فعرضت عليه حفصة، فقلت: إن شئت أنكحتك حفصة بنت عمر؟ قال: سأنظر في أمري. فلبثت ليالي ثم لقيني، فقال: قد بدا لي أن لا أتزوج يومي هذا. فلقيت أبا بكر - رضي الله عنه - فقلت: إن شئت أنكحتك حفصة بنت عمر، فصمت أبو بكر - رضي الله عنه - فلم يرجع إلي شيئا! فكنت عليه أوجد مني على عثمان، فلبث ليالي ثم
خطبها النبي - صلى الله عليه وسلم - فأنكحتها إياه. فلقيني أبو بكر، فقال: لعلك وجدت علي حين عرضت علي حفصة فلم أرجع إليك شيئا؟ فقلت: نعم، قال: فإنه لم يمنعني أن أرجع إليك فيما عرضت علي إلا أني كنت علمت أن النبي - صلى الله عليه وسلم - ذكرها، فلم أكن لأفشي سر رسول الله - صلى الله عليه وسلم - ولو تركها النبي - صلى الله عليه وسلم - لقبلتها
«Мен Осман ибн Аффанды (р.а.) кездестіріп, қызым Хафсаны әйелдікке алуын ұсындым: "Егер қаласаң саған Хафса бинт Омарды күйеуге беремін". Жауап ретінде ол: "Ойланып көрейін", - деді. Мен бірнеше күн күттім, содан кейін ол маған: "Қазір үйлене алмаймын деп ойлаймын", - деді. Біршама уақыттан соң мен Әбу Бәкір әс-Сыддықты (р.а.) көріп, оған: "Егер қаласаң саған Хафса бинт Омарды күйеуге беремін", - дедім. Алайда Әбу Бәкір (р.а.) ештеме айтпай, үнсіз қалды, мен оған Османнан бетер ыза болдым.
Енді біршама уақыт өткен соң оған Пайғамбарымыз (ﷺ) құда түсіп, мен қызымды күйеуге бердім. Содан кейін Әбу Бәкір (р.а.) менен: «Хафсаны маған әйелдікке ал деп, ал мен үндемей қалғанда, сен маған ыза болдың ба?» - деп сұрады. Мен: «Иә», - деп жауап бердім. Сонда ол былай деп жауап берді: «Сенің ұсынысыңа жауап беруіме Пайғамбарымыздың (ﷺ) сенің қызыңды міндетті түрде әйелдікке алар едім деген сөзі ғана кедергі келтірді. Ал мен Алла Елшісінің (ﷺ) құпиясын аша алмадым» (Бұхари).
Хафсаның күйеуі Хунайс бин Хузаф әс-Сахми (р.а.) - Алла Елшісінің (ﷺ) сахабаларның бірі болған, Бәдіре шайқасына қатысып, алған жарақатынан Мединеде қайтыс болған.
Әбу Бәкір (р.а.) Алла Елшісінің (ﷺ) Хафсаға (р.а.) құда түскелі жүргенін білетін. Алайда Омардың (р.а.) оған деген ашуын туғызса да ол бұл сырды ашпаған, дегенмен, Пайғамбарымыздың өзі (ﷺ) сенің қызынды алғысы келеді деп айтып Омарды (р.а.) қуантуына болар еді.
Ойланып көріңіздерші, құдалық, үйлену туралы әңгімені біз сақтай аламыз ба? Қазіргі күнде мұндай сыр көпке сақталмай, ашылып қалады, егер бұл көпшілік алдында жүрген адамға байланысты болса, онда бұл ақпарат ғаламторда жүреді. Бірақ бұлай жасауға болмайды.
Сәбит Әнастың (р.а.) былай айтқанын келтірген:
أتى علي رسول الله - صلى الله عليه وسلم - وأنا ألعب مع الغلمان، فسلم علينا، فبعثني إلى حاجة، فأبطأت على أمي. فلما جئت، قالت: ما حبسك؟ فقلت: بعثني رسول الله - صلى الله عليه وسلم - لحاجة، قالت: ما حاجته؟ قلت: إنها سر. قالت: لا تخبرن بسر رسول الله - صلى الله عليه وسلم - أحدا
Бір күні ұлдармен ойнап жүргенімізде қасымызға Алла Елшісі (ﷺ) келіп, амандасып, маған бір тапсырма берді. Сол себепті мен үйге кеш оралып едім, анам: «Сен неге кеш оралдың?» - деп сұрады. Мен: «Алла Елшісі маған бір тапсырма берді», - дедім. Анам: «Ол кісіге не керек болды екен?» - деп сұрады. Мен: «Ол құпия», - деп жауап бердім. Сонда анам былай айтты: «Ешбір жағдайда Алла Елшісінің құпиясын ашушы болма». Әнас (р.а.) былай айтқан
والله لو حدثت به أحدا لحدثتك به يا ثابت
«Алламен ант етемін, егер мен бұл сырды біреуге айтқанымда, саған да айтып берер едім, уа, Сәбит» (Мүслим).
Әнас (р.а.) бала күнінде Пайғамбарымыздың (ﷺ) сырын тіпті анасына да айтпаған, ал қазіргі кезде ересек адамдардың өздері-ақ басқа біреулердің құпиясы мен сырын жайып салуға дайын тұрады.
Жоғарыда айтқандарымыздан көріп отырғанымыздай, отбасы мен қоғамдағы ең маңызды әдептердің бірі сырды сақтау болып табылады. Тілге ие болмай – жаман мінезден, ал сондай адамдармен ашылып сөйлесу одан да өткен жаман болып табылады.
asyldin.kz