Көпшілік біле бермейтін намаздағы орынсыз амал

Көпшілік біле бермейтін намаздағы орынсыз амал

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Пайғамбарымыздың (ﷺ) сүннетінде бірінші ракағатта «Фатиха» сүресінен кейін оқылатын қосымша сүре, екінші ракағатта оқылатын қосымша сүреден ұзынырақ болуы керек. Намаздың екінші ракағатын бірінші ракағаттан үш аятқа болса да ұзағырақ оқу мәкрүһ болып саналады, алайда аяттарының ұзындығы бойынша айырмашылығы бар екі сүрені сөздерінің санына байланысты бағалауға болады.

Демек, егер бірінші ракағаттағы қосымша сүре 15 аяттан тұрса, бірақ сөз санына байланысты екінші ракағатта оқылатын 20 аяттан тұратын сүреден көп болса, онда мұндай сүрені оқудың еш әбестігі жоқ. Сондай-ақ, қосымша сүрелерді Құранда келтірілген реттілік бойынша оқу маңызды. Аталмыш қағиданы ұстанбау мәкрүһ болып саналады.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: