#Т.Рысқұлов: Иманды жастар - ұлт болашағы

#Т.Рысқұлов: Иманды жастар - ұлт болашағы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданы Д.Қонаев ауылының кітапханасында дүниежүзілік жастар күніне орай «Иманды жастар - ұлт болашағы» тақырыбында іс-шара өтті. Бұл іс-шараға Қонаев ауылдық «Жақып» мешітінің имамы Қожахметов Ерлік арнайы шақырылды.

 Іс-шарада ислам діні білім мен ғылыми өзгерістерге бейімделуді құптап, қуаттай түседі. Асыл дінімізде мұсылман үмбетіне, күллі адамзат баласына парыз болған амалдың бірі – білім мен ғылым үйрену. Білімді мұсылман – толыққанды мұсылман. Құранның адам баласына түсірген бірінші сөзі – «Оқы!» деп басталғаны бекер емес. Қасиетті Құран Кәрімнің «Мүжәдала» сүресінің 11-аятында: «Алла Тағала сендерден иман келтіргендердің, ғылым бергендердің дәрежелерін көтереді, істегендеріңді толық біледі», – делінген.

 Бүгінгі    күнде   жастарды әдепті де саналы етіп тәрбиелеу үшін ең алдымен тәрбие ережелеріне сүйене отырып, ұлттық дәстүрімізді, әдет-ғұрыптарымызды, дінімізді, ата-бабаларымыздан қалған насихат мұраларын жастардың санасына сіңіре білу басты міндетіміз болуы қажет. Жас ұрпақты Отанын, туған жерін сүйіп, оны қорғай білуге үйрету, оқушы бойында патриоттық сезім мен адамгершілік сананы қалыптастыру-егеменді мемлекетіміздің әр отбасы мен азаматтарының міндеті, - делінді.

Түзелбеков Қуаныш

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: