#Рысқұлов: Адасқанның алды - жөн, арты - соқпақ

#Рысқұлов: Адасқанның алды - жөн, арты - соқпақ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданы Луговой ауылының мектебінде «Адасқанның алды - жөн, арты - соқпақ» тақырыбында 7 сынып оқушыларымен кездесу өтті.

Кездесуге Луговой ауылдық «Әл-Хақ» мешітінің имамы  Үмбет Сабырханов арнайы шақырылып, сөз берілді. Имам аталмыш тақырып бойынша кеңінен ой толғады.

Оқушылардың деңгейінде діни мәселелерді тәптіштеп түсіндіріп, көптеген сауалдарына жауап берді. Имам оқушылардың дінге деген талпынысы мен құлшыныстары өте терең екендігін жеткізді. Кездесуден діни білім алып рухани кемелденіп қалғандарын жасырмады. Кездесу соңында мектеп мұғалімдері алғыс айтып шығарып салды.

Т.Рсқұлов аудандық мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: