Жамбыл ауданы орталық Мәдениет үйінде «Дін және дәстүр» турасында кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тұрғындармен кездесуге аудандық мешіттің найб имамы Жандос Жұмағұлов арнайы барған болатын.
Жүздесуде тұрғындарға «дін мен дәстүр сабақтастығы» және де дін мен дәстүр жайында насихат айытлып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Дін мен дәстүрдің қоғамдағы алатын орны жоғары, ұлттық құндылықтар дұрыс қалыптасу үшін де атқарар маңызы өте зор. Дін – адамдық ізгі қасиеттерімізді асқақтатса, салт-дәстүр – ұлт болып қалыптасуымыз үшін қажет. Әр халықтың өзіне тән, қоғамның дамуына байланысты ерекшеліктері болады. Мәселен, еліміздің ұлан-байтақ жерді алып жатуының өзі ғасырлар бойы халқымыздың бойындағы, батырлық пен ерлік дәстүрін тудырған. Қазақ – ұлттық дәстүрге ерекше мән беретін халық. Дәстүр – ұлтты рухани жандандырып, оның ішкі және сыртқы келбетін өрнектеп, көрсетіп тұратын сипаттар. Дін мен дәстүр – қашанда бір-бірімен сабақтас ұғым.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі