Жамбыл ауданы Еңбек ауылында кешеге соққан дауылдан бір отбасының үйі өртеніп кетті. Орталық «Бәйдібек» мешітінің ұйымдастыруымен ауыл тұрғындарынан жиналған жүз отыз бес мың теңге қаражат тілсіз жаудан зардап шеккен отбасыға ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы арнайы барып, ауыл имамы Әбденбаев Жемісбекпен отбасыға қаражат табыс етілді.
Аудан имамы, «Қайырымдылық» – мұқтаж жандарға көрсетілер нақты көмек, ізгіліктің анық көрінісі, адамның асыл қасиеті. Кісінің айналасындағы адамдарға танылатын тамаша қыры да қаншалықты қайырымды екендігінен байқалатындығын айтты.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі