#Қордай: "Әйел адамға қатысты әдептер" рухани кеші өтті

#Қордай: "Әйел адамға қатысты әдептер" рухани кеші өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Ұлтыңды тәрбиелеймін десең, ұлыңа, халқыңды тәрбиелеймін десең, қызыңа тәлім бер» деген сөз бекер айтылмаған. Бұл сөздің астарында үлкен мәселе жатыр. Өйткені қыз – болашақ ұрпақтың анасы. 

Сондықтан да қыз баласының әдебі, мінезі 40 үйден тәрбие беру арқылы қадағаланатын маңызды дүние. Осы хақиқатты насихаттап, жастарға жеткізу мақсатында Қордай аудандық орталық мешітінде ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша әйел-қыздар секторы, мешіт ұстазы Эльмира Есімқараеваның ұйымдастыруымен қыз-келіншектерге арналған рухани кеш өтті.

"Әйел адамға қатысты әдептер" тақырыбын арқау еткен шара нәзік жандылардың бойында болуы тиіс әдеп-ахлақтарды уағыздап, тіпті қойылым түрінде де қатысушылардың жүректеріне жеткізе алды.

Қазақ даналығында қалған қыз баласының тәрбиесіне қатысты нақылдардың мәні ашылып, исламдағы үлгілі аналар тілге тиек болды.

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: