Ақ жаулығы желпілдеп, ақ көңілі көлкілдеп, ескіліктің естелігі, көненің көзі болған "Әжелер алқасы" бүгін қыз-келіншектерге арналған тәрбиелік сағатын өткізді.
Көп көрген көне көз әжелер үлкендерден үйреніп, енді жас ұрпаққа жеткізбек қазақ халқының салтына, мәдениетіне сіңген қыз тәрбиесін қозғады.
Дөңгелек үстелге жиналғандарға "Қызды 40 үйден тыюдың" түпкі төркінін, мақсатын, шариғатпен сабақтастығын, тәрбиелік мәнін ашып жіліктеп берді. "Бала тәрбиесі - бесіктен" демекші ұлтымыздың қызды тәрбиелеудегі методикасын жеткізгенде көпшілік таңдай қағып, мұнан мықтысы жоқ-ау десті. Қыз тәрбиесінің сатылай кезеңдерін жіктеп, жастарға сіңімді насихатын жеткізді.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі