Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен ҚМДБ жанынан құрылған ЖАНТ мүшелеріне арналған онлайн семинар өтті. Аталған шараға Жамбыл облысынан орталық "Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Ғалымбек Жапек бастаған 20 имам қатысты.
Семинар басында ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы ЖАНТ мүшелері жұмысының маңыздылығы жайында айтып, уағыз айту тәсілдері жайлы дәріс оқыды.
ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров ЖАНТ мүшелерінің 2021 жылы атқарған онлайн және офлайн жұмыстары жөнінде баяндама жасады.
Басқа да мамандар өздері дайындаған тақырыптар бойынша дәріс жүргізіп, мардымды ақпарттар беріп өтті.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі