"Ислам Ет" дүкені "Халал" сертификатын жаңартты

"Ислам Ет" дүкені "Халал" сертификатын жаңартты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла Тағала адамзатқа Алланың атымен бауыздалған төрт түлік мал, құс, кейбір жабайы аңдарды халал етті. Ал Алланың аты айтылмай бауыздалған мал, құс, сонымен қатар шошқа еті, қан, өліксе т.б. харам етілді. Әлем жан-жақты дамыған қазіргі уақытта түрлі қоспаларға толы күнделікті тұтынып жатқан тағамдардың құрамы қандай? Көп адамдар оған мән бермей пайдалануда. Әрбір мұсылман харамнан сақтануы міндетті. Осы себепті ҚМДБ "Халал Даму" ұйымы тұтыну заттарын шариғатқа сай тексеріп, сай келгендерге сертификат табыстайды.

Осындан халал ас ұсынып, көпшілікті қуантып жүрген Тараздық "Ислам Ет" дүкені кезекті мерзімдік қайта тексеруден өтіп, "Халал" сертификатын жаңартты. 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша "Халал Даму" ұйымының өкілі Нұрматжан Миразизов кәсіп иесіне жаңа сертификатты табыстап, халал жайында семинар-тренинг жүргізді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: