Облыс бас имамы "Нұр Мүбәрактың" Жамбылдық студенттерімен жүздесті

Облыс бас имамы "Нұр Мүбәрактың" Жамбылдық студенттерімен жүздесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы "Нұр Мүбарак" универсиететінде оқып жатқан Жамбыл облысының студенттерімен жүздесті. 

Облыс бас имамы жастарға діни қызмет жайлы ақыл-кеңесін айтып, Жамбыл облысындағы мәселелерді түсіндірді. Студенттер тұрғысынан сұрақтар қойылып, мардымды жауаптар берілді.

Бейбіт Әліпбекұлы өңірден барып білім алып жатқандарға жұмысқа орналасу жөнінде қашанда жүгіне алатындарын жеткізді. Қызметке, я өндірістік практикаға болса да облысқа келіп, орналаса алатындарын айтты.

Бас имам алдағы уақыттарда студенттермен жиі кездесу өткізуді қолға алмақ. Сондай-ақ, түлектермен жеке кездесу өткізетінін де хабарлап өтті.

Айта кетейік, биылғы жыл бойынша аталған оқу орнында исламтану мамандығы бойынша 129 студент білім алуда. Сонымен қатар осы жылы 126 түлек бітіріп, 10-нан астамы жұмысқа орналасса, 7-еуі Жамбыл облысына қызметке келді. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: