Облыс бас имамы PhD докторантының диссертациялық жұмысының алдын ала қорғауы (ФОТО)

Облыс бас имамы PhD докторантының диссертациялық жұмысының алдын ала қорғауы (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев "Нұр Мүбәрак" Египет Ислам мәдениеті университетінде PhD докторантурасының диссертациялық жұмысының алдын ала қорғауынан өтті.

Білікті мамандар, профессорлар алдында исламтануға қатысты төл еңбегін таныстырып, дәлелдеп, архивтік ақпараттарды қопарып, мардымды мағұлматтарды паш етті.

Комиссия мүшелері Бейбіт Әліпбекұлының диссертациясына жоғары баға беріп, өз пікірлерін білдірді. 

Исламтану саласындағы жоғары білім лауазымы бар білікті мамандардың артып келе жатқаны қуантарлық жағдай. ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілдігінің мамандары "Ата дініміздің өсуіне, өркендеуіне үлес қосар имамдардың саны көп болсын!" - деп құттықтау білдіруде.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: