Қазақта «Басқа амандық, асқа адалдық берсін» деген сөз бар. Бастың амандығы, астың адалдығы қашаннан мәнін жоймаған құндылық болса, бүгінгі таңда оның өзектілігі тіптен артуда. Алла Тағала Құранда былай дейді: «Әй, адамдар! Жер бетіндегі нәрселердің халал әрі тазасынан жеңдер! Және шайтанның ізіне ермеңдер! Өйткені ол сендерге ашық дұшпан» («Бақара» сүресі, 168-аят).
Осындан халал ас ұсынып, көпшілікті қуантып жүрген Тараздық "Кәусар" дәмханасы кезекті мерзімдік қайта тексеруден өтіп, "Халал" сертификатын жаңартты.
ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша "Халал Даму" ұйымының өкілі Нұрматжан Миразизов кәсіп иесіне жаңа сертификатты табыстап, ұжымына халал ас дайындаудағы азық-түліктің ғана емес, ас даярлаушының да тазалығы қажет екенін айтып, семинар-тренинг жүргізді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі