Бетқайнар ауылдық мешітінің имамы Нұрлан Жиенбаев әскери қызметкерлермен жүздесті. Дастархан басында келілі әңгіме қозғап, көркем насихат айтты.
Имам отанды қорғаудың сауабы, ер адамның міндеті, отанға қызмет ету жайлы шариғатқа айтылған аят-хадистерді тізіп, ғибратты оқиғаларды тілге тиек етті.
Сонымен қатар имам өз сөзінде: "Суицид жасау - шариғатымыздағы тиым салынған амал. Исламда өз-өзіне қол салу – үлкен күнә. Бұл жөнінде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кім өзін темірмен жарып өлтірсе, темір ішіне қадалған күйі тозаққа кіреді. Ал кім у ішіп өлсе, жаһәннамда мәңгі сол уды ішеді, кім жардан өзін тастап жан тапсырса, тозақтың түбіне мәңгіліке тасталады»,– дейді. Ал өз-өзіне қол жұмсаудың емі - иман" - деп әскерилерге қоғамдық мәселелін түйінін тарқатып жеткізді.
Қордай ауданды мешітінің баспасөз қызметі