#Шу: Келелі кездесу өтті

#Шу: Келелі кездесу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жас буынның санасы мақта секілді. Немен нәрлендірсен соңы сіңіреді. Келешегіне пайдаланады. Сондықтан аға буынның ақылы, ата-бабаның нақылы оларға ауадан кейінгі қажеттілік.

 Жуырда Шу ауданы Ақтөбе ауылдық кітапханасы мен ауылдық клуб бірлесумен «Дін тәрбие көзінің бастауы»  атты жоғарғы сынып оқушыларымен жүздесу ұйымдастырылған болатын.  Аталған шараға ауылдық «Жылғабек» мешітінің имамы Әбусейіт Қоспанов шақырылып, спикер ретінде сөз берілді. 

  Ә.Қоспанов  асыл дініміздің  адам өміріне беретін тәрбиесі, оның жемісі мен дұрыс жолы туралы кеңінен тоқталып, тақырыпты тарқатты.  Кездесуге қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, әркімнің діннен негіз алған дәстүрді біліп, тәлімін алуы керек деген пікірмен түйіндеді.

         Байжан ЕМБЕРДІ,

         Шу аудандық «Жәми»  мешітінің баспасөз  қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: