#Шу: Дөңгелек үстел өтті

#Шу: Дөңгелек үстел өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

    Асыл дініміздің атына кір келтіретін жат ағымдардың амалдарының алдын-алу үшін білікті мамандардың кеңесі керек. Мұндағы меңзелген кісілер имам мен молдалар екені сөзсіз. Соңғы уақытта осы үрдісті ұстанатын тұрғындар дөңгелек үстел басына жиналып, сауалдарына сауатты жауап алуда.

      Оған жуырда өткен Бірлікүстем ауылындағы «Дін мен дәстүр» атты дөңгелек үстел дәлел. Ауылдық мешіттің имамы Жетпісбай Әлімбековті алқалаған әлеумет ауылдық Мәдениет үйінде бас қосты. Отыз тістен шыққан сөз отыз рулы елге тарайды. 10 шақты адам қатысқан басқосуда  тақырып тарқатылып, дін мен дәстүр жөнінде әңгіме өрбіді. Жетпісбай қария әр сөзін кітаптан алып, ауызекі түрде  түсіндіріп отырды. Жиналғандар мол мағлұмат алып, көкжиектерін кеңейтті.

         Байжан ЕМБЕРДІ,

         Шу аудандық «Жәми»  мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: