Өзге ұлт өкілі Ислам дінін қабылдап, мұсылман атанды. Бұл жағдай Қордай аудандық мешітінде орын алып, Қордай ауданының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы азаматқа исламның шарттарын түсіндіріп, Алла жолына келгенімен құттықтады.
Кәлима-шаһадатын айтқан азаматқа имамдар азан шақырып, мұсылманша есім берді. Мешіт атынан Алланың кәләмі қасиетті Құран Кәрімді сыйлап, сұрақтарына жауап берді.
«Пайғамбар (с.ғ.с.): Дін – насихат (шынайылық), -дейді. Біз (сахабалар): Кімге (неге) насихат? - деп сұрадық. Пайғамбар (с.ғ.с.): «Аллаға, Оның кітабына, елшісіне, мұсылмандар басшысына және жалпы адамдарға (шынайы болу, шынайылық таныту)» - деген. Исламды қабылдауыңызбен сіз анадан жаңа туған баладан барша күнәларыңыз кешіріледі. Өміріңізді жаңадан бастауға мүмкіндігіңіз пайда болады. Исламды қабылдаумен пенденің анадан жаңа туған баладан барша күнәлары кешіріледі. Өмірді жаңадан бастауға мүмкіндік пайда болады. Алланың қалауымен хақ жолға келген бауырымызға Алла қуатты иман берсін!
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі



06 Қараша 2025
15 Джумада-авваль 1447

