Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Джадраев Сұлтаншарип қажымен аудандық дәрігерлер кездесу жасады. Ақ халатты абзал жандар ұйымдастырған ізгі іс-шарада «Дін мен дәстүрдің сабақтастығы» тақырыбы төңірегінде әңгіме өрбіді.
Сұлтаншарип қажы бір сөзінде: Дін мен дәстүр – біздің ұлттық болмысымыз. Халқымыз салт-дәстүрге кенде емес. Ертеде салт-дәстүр бұлжымас заң рөлін атқарған, сондықтан оның ел арасындағы тәлімдік, тәрбиелік және халықтық мәні зор болған. Халықтың салт-дәстүріне, ұлттық ерекшеліктеріне қазір де үлкен мән берілуде. Дін дәстүрдің таразысы әрі негізі саналады. Тілдің, дәстүр мен мәдениеттің дамуында да оның тигізер әсері мол. Дін – мәңгілік әрі хақ. Дін ісі – тәрбие жолы, адамның рухани азығы,- деп тоқтала кетті. Сөз соңында, Имам дәстүрлі дінімізді дұрыс үйреніп, дұрыс насихаттап, соған амал қылуға шақырды.
Қуаныш Тузелбеков
Т. Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі



06 Қараша 2025
15 Джумада-авваль 1447

