Меркі ауданы «Меркі ата» мешітінің бас имамы Қанат Талғатұлының ұйымдастыруымен жамағат арасында жиын болды.
Кездесудің мақсаты мешітке келген жамағат арасындағы ынтымақ бірлікті жақсарту. Дастархан басында көркем уағыз айтылып, жамағат арасында жүрген сұрақтарға жауап берілді.
Жиын соңында еліміздің тыныштығы, жұртымыздың амандығы үшін дұға жасалды.
Меркі ауданының «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



12 Қаңтар 2026
23 Раджаб 1447

