Тараз қаласы «Әкрам Төре» мешітіне Египет-Араб Республикасындағы «Әл-Әзһар» университетінде білімін жетілдірген Киікбаев Ералы имам болып тағайындалды. Білімді маманды жұма намазына келген көпшілікке Тараз қаласының бас имамы Орынбасар Орымбайұлы таныстырды. Бас имам жамағатқа жас имамды қолдауын тапсырып, жаңа қызметте сәттілік тіледі.
Киикбаев Ералы Абилмажинович 2013-2017 жылдар аралығында Мысыр Араб мемлекеті «Әл-Әзһар» университетін «Исламтану» мамандығы бойынша бітірді.
2019-2020 жылдар аралығында Тараз қаласы «Әбу Бәкір Әс-сыддық» мешітінің наиб имамы қызметін атқарды.
2020 жылдың қыркүйек айынан бері Тараз қаласы «Әл-Әділ» мешітінің наиб имамы қызметін атқарған.
"Әулие-ата" мешітінің баспасөз қызметі



06 Қараша 2025
15 Джумада-авваль 1447

