Бұрынғы және бүгінгі мүйізі қарағайдай мұсылман ғалымдары медресе, университеттен бұрын алғашқы сауаттарын аядай бөлмеде ашқандары ақиқат. Қазіргідей қарыштап дамыған дүниелер ол уақытта болмағанын ескерсек олардың ыждахаттары қандай болғанын аңғару қиын емес. Барлығы жеңілдетілген кезде қасиетті Құран оқып үйренуді қиын көретін жандарға үзір жоқ шығар.
Бұрнағырақта біз Шу ауданының орталығындағы мешітте жөндеу жұмыстары жүріп жатқанын хабарлаған болатынбыз. Сол жұмыстар кезеңімен пайдалануға беріліп, мешіт жаңа кейіпке енуде. Жуырда «Төле би» мешітінің жанындағы ғимаратында Құран оқып үйрену сыныбына еуро үлгідегі жөндеу жүргізіліп, шәкірттер игілігіне берген болатын. Оның ішінде ауысыммен ұлдар мен қыздар оқып, сауат ашып, Ислам әліппесін үйренетін болады. Сонымен қатар дәретханаға жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары таяу арада тамамдалып, жамағатқа беріледі деп күтілуде.
Байжан ЕМБЕРДІ,
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі



07 Қараша 2025
16 Джумада-авваль 1447

