Рабиуғул әууәл айында Раббымыз сүйікті Елшісін (оған Алланы салауаты мен сәлемі болсын) әлемдерге рахмет үшін жібергенін мұхтарам жамағат жақсы біледі. Сондықтан осы ай келгенде мұсылмандар Ардақты Пайғамбарымызға жер-жерде салауаттар айтылып, мәуліт жырын оқып, мүбәрәк өмірінен мәліметтер айтылады.
Жұмыр басты пенде үшін аптаның аяулысы Жұма күні Шу ауданы Шоқпар ауылындағы қос мешіт имамдары Майтиев Бейбіт пен Табаев Даниярдың ұйымдастыруымен ауылдық Мәдениет үйінде «Мәуліт мүбәрак болсын» атты мәуліт кеші өткізілді.
Кеш барысында мәуліт жыры оқылып, Алла Расулының (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ғибратты ғұмыры туралы әңгіме қозғалды. Діни тақырыпта әндер айтылып, Құран оқылып, көпшілікпен бірге дұға жасалды. Шара соңында ас беріліп, тақырып турасында насихат жасалды.
Байжан ЕМБЕРДІ,
Шу аудандық «ЖӘМИ» мешітінің баспасөз қызметі



07 Қараша 2025
16 Джумада-авваль 1447

