#Шу: Алқа мүшелері ардақталды

#Шу: Алқа мүшелері ардақталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мешіт ісі - бір имамның мойнына жүктелген міндет емес. Керісінше көпшіліктің жәрдемімен көркейіп, жамағаттың жұмылуымен жанданатын жұмыс.  Осы тұста  көптің дауысымен сайланған мешіттің ішкі және сыртқы ісін реттеп, ақыл кеңесін айтып отыратын алқа мүшелерінің еңбегі орасан. Олар мешіт пен тұрғындар арасына алтын көпір орнатып, игі істердің орындалуына дәнекер болып жүр.

Жуырда Шу ауданы «Төле би» мешітінің бас имамы Талғат Кәрібайұлының ұйымдастыруымен  алқа мүшелерімен мәжіліс өткен болатын.  Жиын барысында атқарылған жұмыстар айтылып, алдағы жоспардың жайы талқыланды. Сонымен қатар алқа мүшелерінің абыройлы қызметіне Алғыс хат табыс етіліп, тәтті тартулар берілді.

Өздеріне көрсетілген құрметке разы болған ақылдастар бас имамға батасын беріп, алдағы уақытта да ақылдаса отырып жүйелі жұмыс жасауға уағдаласты.

Байжан ЕМБЕРДІ,

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: