Меркі ауданы Тәтті ауылдық «Тәтті» мешітінің имамы Көпбосынов Асхаттың ұйытқы болуымен мешіт жанынан асхана салынып жатыр.
Бұл асхана құрылысына ауылдың тұрғындары ауызбіршіліктерін көрсетіп демеушілік қылып отыр. Қазіргі уақытта құрылыстың қабырғалары көтеріліп жатыр.
Бұл асхана 150 адам еркін сыйып отыратын кең қылып салынуда. Бұл құрылыс ауылда діннің дамуына, халықтың пайдасына өз үлесін қосады деп сенеміз.
Игі іске атсалысып жатқан жандарға Алла разы болсын.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



07 Қараша 2025
16 Джумада-авваль 1447

