#Меркі ауданы: Әйел-қыздар секторының жұмысы жанданды

#Меркі ауданы: Әйел-қыздар секторының жұмысы жанданды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданындағы «Әйелдерге арналған діни сауат ашу курсының» жетекшісі Тілеубердиева Маринаның ұйытқы болуымен ақ жаулықты әжелер мен шәкірттердің басын қосқан игілікті шара өтіп, «Әйел-қыздар» секторының қызметі қайтадан жанданды. Аталмыш жиынға ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының Жамбыл облысы бойынша жауапты өкілі, Жамбыл облыстық орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің ұстазы Гүлжан Серікқызы және басқа да әйел ұстаздар арнайы шақырылып, төрден орын алды.

Сөз алған ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының Жамбыл облысындағы жауапты өкілі Гүлжан Серікқызы шәкірттерге ең ізгі лебізін арнады. Мешіттердің әйел жамағатын ауызбіршілікке шақырып, әсіресе, өмір тәжірибесі мол қазыналы қарияларымызды түрлі тақырыптық іс-шараларға белсенді түрде атсалысып, жастарға үлгі-өнеге көрсетуге үндеді.

Сонымен, «Әйел-қыздар» секторының бұл жиынында жаңа жоба-жоспарлар ортаға салынып, атқарылатын іс-шаралар белгіленді. Алдағы уақытта діни дәрістер жүргізумен бірге, қайырымдылық және спорттық іс-шараларын ұйымдастыру көзделуде. Ең бастысы, ұмытылып бара жатқан төл салт-дәстүрлерімізді жаңғыртып, ару-аналарымыздың ұлттық руханият қайнарынан сусындауына айрықша мән берілмек.

Айталық, заман талабына сай ұлттық киімдерімізді тек мерекелерде ғана киюмен шектелмей, күнделікті өмір салтына айналдыру хақында тың ой қозғалды. Мазмұн-мағыналы өткен жиын соңында үлкендер ұстаздарға алғысын айтып, баталарын берді. Меркі ауданы әйел жамағатының ізгі ниеті мен игілікті істеріне сәттілік тілейміз!

Меркі ауданы «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: