#Меркі ауданы: Пайғамбарымыздың (с.а.с) өмірбаянынан жарыс ұйымдастырылды

#Меркі ауданы: Пайғамбарымыздың (с.а.с) өмірбаянынан жарыс ұйымдастырылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі аудандық орталық  «Меркі ата» мешітінде ұстаз Марина Тілеубердиеваның ұйытқы болуымен «Ең кемел тұлға – Мұхаммед» атты рухани кеш ұйымдастырылды.

Кеш Құран Кәрім аяттарымен басталған іс-шараға арнайы келген Жамбыл облысы «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Гүлжан Серікқызы Пайғамбарымыз Мухаммедтің (с.а.у.) өмір баянынан үзінділер мен уағыз-насихат жүргізді. Жиын барысында Пайғамбарымыздың (с.а.с) өмірбаяны жайлы викториналық сұрақтар қойылып, дұрыс жауап берген шәкірттерге сыйлықтар берілді.

Іс-шарада Пайғамбарымыздың тұлғалық бейнесі, жүріп өткен жолы, өмірі, сипаттары мен сүннет амалдары шәкірттерге насихатталды. Әрбір әйел кісі Пайғамбарымыздың оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын өмірбаяныны білуі соған амал етіп, ұл-қыздарына Пайғамбарымызды танытып, сүннет амалдарын үйретуі, Пайғамбарымызды жақсы көруге тәрбиелеуі керектігі айтылды.

Пайғамбарымызға оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын салауат айтудың артықшылығы, сауабының молдығы  түсіндірілді. Келген жамағат ризашылығын білдіріп, жиын соңында  жамағатпен дұға тіленіп, ақ жаулықты аналарымыз дұға жасады.

Меркі ауданы «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: