#Меркі ауданы: Шәкірттер Құран жарысында бақтарын сынады

#Меркі ауданы: Шәкірттер Құран жарысында бақтарын сынады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Асыл дініміздің қайталанбас құндылығы, тірегі болған, екі дүние бақытына жеткізер Алланың хақ үкімі және сөзі Құран екені баршамызға аян. Ардақты елші Пайғамбарымыз (с.а.с): «Сендердің ең жақсыларың, Құранды үйреніп оны өзгелерге үйреткендерің» - деген. Осы қасиетті Құранды жаттап жүрген қыздар арасында ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Әйел-қыздар секторының жетекшісі Гүлжан Серікқызының ұйымдастыруымен облыстық Құран сайысы өтті. 

Тараз қаласындағы «Әбу Бәкір ас-Сыдық» мешітінде өткен сайыста Меркі ауданы бойынша мектеп жасындағы  оқушылардан бастап үлкен-кіші жалпы саны 7 шәкірт қатысты. Құран жарысы бір және жарты параны жаттаған және Құран кәрімді мәнерлеп оқу номинациясы бойынша өтті. Баға беру барысында үміткердің барлық қырына: оқу мәнерінен бастап, дыбыстарды шығаруы мен тәжуид ережелерін сақтауына аса мән берілді.  

Жарты пара бойынша Меркі ауданы, Кеңес ауылының тұрғыны Кеңесбек Айша 2-ші жүлделі орынды иеленді. Ал жарты пара бойынша Меркі ауданы, Кеңес ауылының тұрғыны Мырзагелді Салиха 3-ші жүлделі орыннан көрінді.

Жүлделі орындарға йе болғандарға да, барлық қатысушыларға да естеліккке сыйлдықтар үлестірілді. 

Меркі ауданы «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: