#Талас ауданы: Бас имам Үшарал ауылы "Абдулла ишан" мешітінде болды

#Талас ауданы: Бас имам Үшарал ауылы "Абдулла ишан" мешітінде болды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Талас ауданының бас имамы Жалғасбай Дүйсенбайұлы ауылдық мешіттердің ахуалымен танысу жұмыстарын жалғастыруда. Аудан бас имамы бұған дейін Ақкөл, Тамды, Қожағаппар т.б ауылдарында болып, мешіттердің қазіргі жай күйімен танысты.

Сапар барысында Жалғасбай Дүйсенбайұлы ауылдық мешіттің жай-күйін зерделеп, тыныс тіршілігімен танысты. Бас имам мешіт имамына нақты тапсырмалар беріп, имамның осыған дейінгі атқарылған жұмыстарын тыңдап, жұмыс жоспарымен танысты.

Өз кезегінде Жалғасбай Дүйсенбайұлы жұмыстарды жоғары бағалап, жандандыра түсуді тапсырды.

Талас аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: