Жамбыл облысы Байзақ аудандық "Байзақ баба" мешітінің жамағаты РАНТ - ның мүшесі Ғазиз Ахмет Нұртайұлымен кездесті.
Кездесуде РАНТ мүшесі пайғамбарымыз (с.а.у) өмір баянынан сыр шертіп, сүннеті берік ұстану керектігін айтты. Бұдан бөлек ауызбіршілік, ыңтымақ турасында насихатын жамағатқа жеткізді.
Құптан намаздан соң мешіт жамағаты келген қонаққа сұрақтарын қойып, мардымды жауаптарын алды.
Байзақ аудандық мешітінің баспасөз қызметі


12 Қаңтар 2026
23 Раджаб 1447

