#Қордай: Аудан бас имамы Үлкен сұлутөр ауылының тұрғындарымен кездесті

#Қордай: Аудан бас имамы Үлкен сұлутөр ауылының тұрғындарымен кездесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Үлкен сұлутөр ауылына арнайы іс-сапармен барған Қордай ауданының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы ауыл тұрғындарымен кездесті.

Шарада  ауызбіршілік, ынтымақ турасында көркем насихат айтты. Имам өз сөзінде: "Тұрақтылықтың негізгі діңгегі – ауызбіршілік. Халқымызда «Береке басы – бірлік», «Бірлікті ел бұзылмас» деген аталы сөздер бар. Болашағымыздың жарқын болуы бүгінгі бірлігімізге тікелей байланысты. Бірлігімізге бекем болсақ, болашағымыз баянды, берекелі болары хақ. Алла Тағала мұсылман баласына: «Бөлінбеңдер ...» («Әли Имран» сүресі, 103-аят) – деп бауырмал болуға бұйырған. Мұсылман баласы көркем мінез-құлықпен ел ішіндегі ауызбіршілікті сақтай білуі керек. Себебі, рухани тұрғыда өсіп-жетілген тұлға қандай жағдайда да барлық мәселені байыпты жолмен шешеді. Алла Тағала: «Жақсылыққа, тақуалыққа жәрдемдесіңдер. Күнәға және дұшпандыққа жәрдемдеспеңдер...» («Мәида» сүресі, 2-аят) деп бұйырған" - деді.

Жүздесу соңында аудан имамына ақсақалдар бастасын беріп, ел амандығы үшін дұға жасалды.

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: