#Меркі ауданы: Облыстық мешіттің имамдары аудан мешіттерінде қызметтік тексеру жүргізді

#Меркі ауданы: Облыстық мешіттің имамдары аудан мешіттерінде қызметтік тексеру жүргізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданы Орталық «Меркі ата» мешітінің жаңа бас имамы Булгаков Қанат Талғатұлы мешітті толық қабылдап алды.

Облыстық орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Нұралы Бақытұлы бастап келген комиссия мүшелері, «Меркі ата» мешітінің қызметкерлерімен және де жамағатымен кездесіп, әділеттіліктің дінімізде ді, салт–дәстүрімізде де маңызы зор екенін айтып, жаңадан тағайындалған Қанат Талғатұлына қызметін толық қабылдап алуын бұйырып, әділеттіліктен таймауды өсиет етті. Жаңа тағайындалған имамды жамағатқа табыстап, оған қарайласып, қолдау көрсетіп, әділеттілікпен қарым-қатынас жасауды бұйырды.

Жиын соңында келген жамағаттың сұрақтарына тұшымды жауаптар беріліп, жаңа тағайындалған бас имамға қызметінде, дінде үлкен табыстар тілеп, ел жұртымызға дұға жасалды.

Мекі ауданы, «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: