Татулық – байлық. Атам қазақ «Алтау ала болса – ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса – төбедегі келеді» дейді. Татулық пен ымыра бар жерде елдің алмайтын асуы жоқ.
Қазақ халқы - ежелден татулық пен бірлікті жақсы көрген, сүйген халық. Ру мен рудың, ағайын мен туыстың, көрші-қолаң мен жақын-жаранның бір-бірімен тату, сыйлы, бауырмал болғанын қалаған.
Сондықтан рудың, елдің үлкендері мен сыйлы, құрметті адамдары жан-жағына, айналасына ақылы мен кеңесін айтып, ұрпақтарына өсиет қалдырып, елдің тыныштығы мен бейбітшілігін сақтауға тырысқан. Соның арқасында осынау Атыраудан Алтайға дейінгі атырап даланы аман алып қалды десек болады.
Осы мақсатта құрылған Меркі ауданы ардагерлер кеңесі бар.
Сол кеңестің мүшесі Меркі ауданы Орталық «Меркі ата» мешітінің наиб имамы Қасымалиев Батырбек Жақсымбетұлы. Имамның ұйытқы болуымен осы айда екі отбасы ажырасудан бас тартып, арттарындағы ұрпағын ойлап табысуды жөн көрді.
Батырбек Жақсымбетұлы жастарға отбасының маңыздылығын, оның үлкен бір тәрбие мектебі екенін айтып, сол отбасыда бақыт тұрақтау үшін махаббат, сүйіспеншіліктің қандай маңызы бар болса, тура солай сабырлылықтың, түсіністіктің де дәл сондай маңызы бар екенін, өмірдің ыстық-суығынада бірге шыдау керектігін, бір-біріміздің мінезімізді көтеру, жаман мінез болса, сол мінезбен бірге күресу керектігін, сынақтан бірге шығуға әрекет етіп, отбасын сақтау үлкен нәтиже екендігін айтып, ажырасу ол шешім емес деп жастарға өз ақылын берді.
Жиын соңында, сұрақтарға жауап беріп, жастарымызға дұға жасасып тарқасты.
Меркі ауданы, «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



08 Қараша 2025
17 Джумада-авваль 1447

