#Қордай: Ауыл молдасы оқушыларға тәрбие жайлы терең ой салды

#Қордай: Ауыл молдасы оқушыларға тәрбие жайлы терең ой салды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгінгі таңда да, бұл уақытқа дейін бала тәрбиесі қай халықта болмасын үлкен маңызға ие болған. Өйткені, бала - келешек, бала - келер заманның тұрғыны.

Осы тәрбиесе мәселесіне аса назар аударып, алаңдап жүрген Қордай ауданы, Бетқайнар ауылдық мешітінің молдасы Нұрлан Жиенбаев мектеп оқушыларымен кездесіп, "Тәрбие - тал бесіктен басталады" атты насихат жүргізді. 

Ата-ананы, үлкенді құрметтеу, ұлттық негізіміз, діни тәрбие, адамгершілік турасында сөз сөйлеген имам тәрбиенің адам өміріндегі маңыздылығын балдырғандарға түсінікті тілмен көркем түрде жеткізді. 

Оқушылар өз сауалдарын қойып, ой толғандырарлық мардымды жауаптар алды. Айта кетейік, шараға мектеп ұстаздары да қатысқан болатын.

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: