#Т.Рысқұлов: «Пайғамбарымды танимын» білім сайысы өтті

#Т.Рысқұлов: «Пайғамбарымды танимын» білім сайысы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» мешітінің жас шәкірттері «Пайғамбарымды танимын» атты білім сайысына қатысты. Сайысты «Сұлтан» орталық мешітінің наиб имамы Қуаныш Тузелбеков жүргізді.

Мәуліт айына байланысты өткізілген сайыста шәкірттер бар білімдерін ортаға салды. Білім додасы сұрақ-жауап форматында өтті. 

Пайғамбарымыздың (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмір тарихынан, өнегелі өмірінен сұрақтар қойылды. Шәкірттердің жауаптары баллдық көрсеткішпен бағаланды. Жоғары ұпай жинаған шәкірттерге және қатысқан барлық шәкірттере сый-сыяпат берілді.

Т.Рысқұлов аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: